24 сәуір күні пара хоккейден «Сақ жолбарыстары» балалар командасы алғаш рет халықаралық жарыс – Сочидегі адаптивті хоккей фестиваліне қатысады. Жарысқа аттанар алдында барлық қатысушылар Қазақстанның хоккей федерациясынан ойын формасы мен жабдықтарын сыйға алды. ҚХФ сонымен қатар жол жүру – Сочиге ұшып-барып келу шығындарын өтейді.
Қазақстандық команда өнер көрсететін төртінші дивизион матчтары 26 және 28 сәуір аралығында «Лада Следж», «Метеор», Кузнецк және «Дрозд», Балаково командаларына қарсы өтеді. 5 дивизионда өтетін жарыстарға 7 және 16 жас аралығындағы балалар қатысады. Фестивальдің өзі 60 қаладан 120 команданы, 1350 қатысушыны қамтиды, олардың арасында балалар да, ересектер де бар. Жаттығуға аттанар алдында пара хоккейден балалар және ересектер командаларымен Қазақстанның хоккей федерациясының өкілдері кезздесті.
«Туризм және спорт министрлігінің тапсырмасымен, біздің демеушілеріміз – «Самұрық Қазына» және KAZ Minerals компаниясының қолдауымен паралимпиадашыларды ойын формасымен және жабдықтарымен қамтамасыз еттік, - деді ҚХФ бас директоры Сәкен Мұсайбеков. – Балаларымыз Сочиге бірінші жарысқа аттанғалы тұр, ересектер командасы қыркүйекте әлем чемпионатында тартысады, онда Паралимпиада ойындарына жолдамалар ойнатылады. Мемлекет басшысы спорт туралы заңға қол қойды, егер қысқаша айтар болсақ, мемлекет қаражаты мен квазимемлекеттік сектор есебінен легионерлерді қаржыландыру тоқтатылады. Бұл қаражаттың барлығы балалар-жасөспірімдер, бұқаралық, адаптивті спортты дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға, жабдықтар сатып алуға, бапкерлерді сатып алуға жұмсалады. Бұл спорттың барлық түрлерін, оның ішінде пара хоккейді дамытуға үлкел серпіліс береді».
Street Workout қозғалысы мен JANA MEN жобасының негізін қалаушы, елдегі ең танымал спорт блогері Айтым Жақыпов да жас пара хоккейшілердің алғашқы бастамаларын қолдау үшін келді.
«Бұл мені таң-тамаша етті, - деді Айтым, - мұнда қаншама спортшылар, жігіттер айналысып жатыр. Ересектер командасы бірнеше жыл бойы айналысып келе жатыр, алайда бір жарты жылдан аз уақыт айналысып, енді Сочидегі алғашқы жарысына кеткелі жатқан жігіттерді көрдік. Баршаңызға табыстар, жеңістер тілеймін!
«Сақ жолбарыстары» командасының құрамында 11 бала жаттығып жатыр, пара хоккейден алғашқы балалар командасы 2024 жылғы 3 қыркүйекте жиналды және Сочиде өтетін фестиваль балалар қатысатын алғашқы турнир болмақ. Қазақстанның пара хоккей федерациясы Қазақстанның екі қаласына балалар секциясына тағы бала қабылдауды жоспарлап отыр.
Ойындар кестесі:
2025 жылғы 26 сәуір, 16:45 – «Сақ жолбарыстары» - «Дрозд»
2025 жылғы 2 7 сәуір, 13:30 – «Дрозд Балаково» - «Сақ жолбарыстары»
2025 жылғы 27 сәуір, 21:20 – «Метеор» - «Сақ жолбарыстары»
2025 жылғы 28 сәуір, 17:30 – 3-орынды анықтайтын матч
2025 жылғы 28 сәуір, 18:50 - Финал
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ