logo
25 февраля 2023
Азия балалары. Қазақстан құрамасы U-15 бірінші матчта есе жіберді

«Азия балалары» хоккей турнирінің топтық кезеңінің бірінші ойынында 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Қиыр Шығыс Федералдық округінің командасымен кездесті. Қарсылас бірінші кезеңде үстемдікке ие болып, 5 жауапсыз шайба салды. Екінші кезеңде Қиыр Шығыс хоккейшілері тағы екі гол салды, ал қазақстандық жасөспірімдер Артур Глухихтің арқасында бір ғана шайба қайтара алды. Ойын соңында біздің хоккейшілер есеп алшақтығын тағы екі голға қысқарта алды, Амир Алпкарин мен Әлішер Сәркенов көзге түсті.

Қазақстан U-15 – ҚФО – 3:7 (0:5, 1:2, 2:0)

0:1 – 09:05 – Матьев

0:2 – 10:28 – Вагин (Вакарин, Пустовой) ГБ

0:3 – 11:24 – Пустовой (Красовский)

0:4 – 12:44 – Вагин (Ипатов)

0:5 – 18:46 – Гайнов (Прищепа, Вакарин)

0:6 – 27:56 – Пустовой (Красовский, Карпушкин)

1:6 – 32:30 – Глухих

1:7 – 39:22 – Прищепа (Матьев) ГБ

2:7 – 57:32 – Алпкарин (Глухих)

3:7 – 59:37 – Саркенов (Макыш, Нуржанов) ГБ

Қақпашылар: Шайиков (Алпысбаев, 11:24-20:00) – Подорожный (Проходов, 49:51-60:00)

 

Келесі матчты Георгий Верещагиннің ойыншылары ертең 26 ақпан күні өткізеді, матч Астана уақытымен 14:15-те басталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ