logo
17 декабря 2023
«Жігіттер дұрыс қорытынды жасайды», - Сергей Старыгин раскрыл секрет успеха сборной
Хоккейден жастар әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы буллиттер бойынша Австриядан жеңілді, алайда бұл матч команданыың турнирдегі жағдайына әсер етпеді, чемпиондықты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Жастар командасының бас бапкері Сергей Старыгин өткен ойынға қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне сұхбатында пікір білдірді:
- Сергей Васильевич, сіз бір жыл ішінде екі құраманы элитаға шығардыңыз. Құпиясы неде?
- Командаларда! Жігіттер тыңдайды, дұрыс қорытынды жасайды, жұмыс істейді.
- Бірінші орынды алып қойған команданы ойынға қалай дайындайсыз?
- Белгілі бір қиындықтар бар, себебі сол бірінші кезеңде бізде жүйе болмады. Одан кейін сөйлестік, ойыншылар дұрыс қабылдады, матчты негізгі уақытта ұтуға болатын еді, сәттер көп болды. Екінші кезеңде таза жеңдік, жақсы хоккей болды.
- Турнирдің қорытындысына келсек, бәрі біркелді болмады.
- Қорытынды – біз орындағымыз келгенді орындадық. Әрине, бұл дивизионда өтпелі матчтар болмайды. Барлық командалардың тартысқаны белгілі. Матчтар ауыр болды. Десе де, біздің қолымыздан келді, жақсы ойындар көрсеттік және әрбір ойын сайын қыза түстік.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ