Давлат Нуркенов: “ Барлық құрамалармен теңдей ойнай аламыз”
Франциямен матчта шабуылшы Давлат Нуркенов дубль жасады. Бұл ретте бірінші шайба кем құраммен салынды. Жеңістен кейін Қазақстан жастар құрамасының форварды өткен ойынға қатысты баспасөз қызметіне сұхбат берді.
- Давлат, алғашқы екі ойыннан кейін қандай қорытынды жасадыңыз?
- Даниямен ойын айтарлықтай қиын болды, олар бабында, жақсы шабуылдады. Біз барлық құрамалармен теңдей ойнап, жеңе алатынымызды байқадық. Сондықтан әрі қарай баса беру қажет.
- Францияны да сіздер жеңіп көрдіңіздер, жете бағаламау қаншалықты маңызды болды?
- Әрине, жолдастық матчты жеңдік, есеп ірі болды, алайда біз босаңсымадық, қарсыласқа қарсы жігерленіп шығу қажет болды. Солай еттік де. Екінші және бірінші кезеңде сәл сүріндік, алайда үшінші кезеңде оларды тықсырып, екі гол салдық және сенімді түрде жеңдік.
- Ойын алдында бапкерлер не деді? Артық құрам жолға түсіпті.
- Бапкерлер дәл осы артық құрам туралы көп айтты, себебі біз бұған дейін артық құраммен көп салмадық, бүгін екі гол салудың реті түсті. Жақсы өтті, бұл өте маңызды.
- Кем құраммен салған шайбаң туралы айтып берші.
- Әділ Бейсембаев пас берді, және Митя Бреусов екеуіміз біреуге қарсы жүгірдік, мен шайбаны қақпаға дарыттым.
- Ұжымға, құрамаға сіңіп кету қаншалықты оңай болды?
- Оп-оңай болды, көпшілігімен жасөспірімдер құрамасында бірге ойнадық, «алтынды» жеңіп алдық. Жігіттердің көпшілігін бала кезінен танимын, «Торпедо», «Астана», «Барыста» бірге ойнағанбыз. Ұжым өте жақсы, жақсы қабылдады.
- Үшінші матч қатарынан жанкүйерлер трибунадан қолдап келе жатыр. Оларға не дейсің?
- Көп рақмет, осында тұратын, келіп қолдаған, теледидардың алдынан қолдаушы жанкүйерлерге рақмет.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ