logo
28 февраля 2023
U-9 балалар командалары арасындағы турнир матчтары өтетін күндер

U-9 (2013 ж.т.) балалар командалары арасындағы шайбалы хоккейден республикалық турнир өтетін қалалар мен күндер белгілі болды. Жарыстар ұпай санамастан және жүлделі орындардың бөлінуінсіз кросс-айс форматында өтеді. Командалар үш топқа бөлінген. А тобын Өскемен 24 және 27 наурыз аралығында қабылдайды. 8 команда өнер көрсетеді: «Барыс-1», «Торпедо-1», «Юность-1», «Стрижи», №10-1 МБЖСМ, «Рахимжан-1», ПСО.

В тобының матчтары 10 және 13 наурыз аралығында Қарағандыда өтеді. Қатысушылар: «Барыс-2», «Торпедо-2», «Юность-2», «Медведи», №10-2 МБЖСМ, №3 «Горняк» БЖСМ, «Құлагер», «Арлан».

С тобын 13 және 17 наурыз аралығында Шымкент қабылдайды. 9 ұжым қатысуға өтінім берді: «Барыс-3», «Рахимжан-2», «Торнадо», «Alga» (Қырғызстан), «Ertis», «Юность-Металлург», «Olymp», «Tigers», «Қайсар».

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ