logo
27 октября 2022
«Мықтылар» тобындағы жасөспірімдер арасындағы ҚРЧ ІІ туры өтетін күндер
«Мықтылар» тобындағы жасөспірім командалар арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты ІІ турының матчтары өтетін орындар мен күндер белгілі болды.
12 және 20 қараша аралығында Қарағандыда 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы U-13 матчтары басталады. 9 команда қатысады: «Юность-1», «Торпедо», «Барыс», «Номад», «Юность-2», «СКА-Стрижи», №10 МБЖСМ, «Ertis», «ПСО». 
14 және 18 қараша аралығында U-15 санатында (2007 ж.т.) Астанада турнир кестесіндегі орындар үшін «Барыс», «Торпедо», «Юность», №10 МБЖСМ, «СКА-Алматы Жас» және «Номад» таласады. 
28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында U-11 командалары (2011 ж.т.) арасында тур өтеді. Оған 10 команда қатысады: «Юность», «Торпедо», «Барыс-1», «Юность-2», №10 МБЖСМ, №10-2 МБЖСМ, «Ertis», «СКА-Динамо Алматы», «Барыс-2», «Скиф».
2 және 6 желтоқсан аралығында Қарағанды ең ересек санат – U-16-ды қабылдайды. 5 команда қатысады: «Юность», №10-1 МБЖСМ, №10-2 МБЖСМ, «Ertis», және «Tashkent Selects». 
3 және 7 желтоқсан аралығында Астанада «Номад» 2008 ж.т. жасөспірімдер арасындағы турды қабылдайды (U-14). Қатысушылар: «Барыс», №10 МБЖСМ, «Юность», «Номад», «Торпедо», «Ertis».
14 және 17 желтоқсан аралығында Өскеменде 2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы екінші турдың матчтары (U-12) өтеді. Бұл жарыстарға сегіз команда қатысады: «Юность», «Торпедо», «Барыс-1», «Барыс-2», «Барыс-3», «Юность-2», №10 «СКА-Стрижи» МБЖСМ, «Юность-Металлург».
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ