logo
Даррен Диц елордаға Гагарин кубогін әкелді
Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА-ның қорғаушысы Даррен Диц Қала күніне елорда тұрғындарына сый тарту етті. Хоккейші Гагарин Кубогін Нұр-Сұлтанға әкеліп, онымен Барыс-аренада таныстырды. Келушілердің әрбірі трофеймен суретке түсіп, ойыншының қолтаңбасын алды, спорт сарайының холлында спортсүйер қауым ұзын-сонар кезекке тізілді.
Еске сала кетейік, 2021-2022 маусымында мәскеулік ЦСКА финалда «Металлургті» жеңіп, Гагарин кубогінің иегері атанды. Даррен Диц өткен маусым барысында ЦСКА сапына өтіп, өз командасына Құрлықтық хоккей лигасының басты жүлдесін жеңіп алуға көмектесті.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ