ЦСКА қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан құрамасының сапына қосылды. Хоккейші маусым барысында «Барыстан» мәскеулік армияшылардың қатарына қосылып, Гагарин кубогін жеңіп алды. Плей-оффтың финалдық сериясының жетінші матчында ЦСКА «Металлургті» жеңді. Плей-оффта Диц 20 матч өткізіп, +3 пайдалылық көрсеткішімен 4 (1+3) ұпай жинады.
«Мен Ригаға келдім, командаға қосылып, чемпионатқа дайындықты бастайтыныма қуаныштымын, - деді Даррен Диц. – Баршаңызға қолдау үшін рақмет айтамын, бұл өте маңызды және әлем чемпионатында да өте қажет болмақ».
8 және 9 мамырда Ригада Қазақстан құрамасы Латвия командасына қарсы екі бақылау кездесуін өткізеді. Чемпионаттың алғашқы матчын біздің команда Данияға қарсы 14 мамырда өткізеді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ