logo
Даррен Диц ЦСКА-мен үш жылға келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Даррен Диц мәскеулік ЦСКА-мен келісімшарт жасасты, келісім үш жылға жасалды. ЦСКА сапында хоккейші өткен маусымда тұрақты чемпионаттың 8 матчын, плей-оффтың 20 матчын өткізіп, барлығы 6 (2+4) балл жинады. Өзі мүшелік ететін жаңа клубпен бірге Гагарин кубогінің иегері атанды. Диц үшін алдағы маусым ҚХЛ-дағы алтыншы маусымы болмақ.

Әлем чемпионаттарында ойыншы Қазақстан құрамасы үшін 15 матч ойнап, 9 (1+8) нәтижелі балл жинады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ