logo
30 апреля 2022
Даррен Диц – Гагарин кубогінің иегері

Гагарин кубогінің финалдық жетінші матчында мәскеулік ЦСКА «Металлургке» қарсы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Магниторлық клубтың хоккейшілері серияда 3:1 есебімен алда келе жатты, алайда әскерліктер ойынға оралып, шешуші текетіресте сенімді түрде жеңіске жете алды. Жеңімпаздар құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Даррен Диц бар. Қорғаушы желтоқсан айының ортасында «Барыстан» ЦСКА-ға өтіп, 28 матч өткізді, олардың 20-сы плей-оффта. Бұл ретте 6 (2+4) ұпай жинады.

Құттықтаймыз және Қазақстан құрамасының құрамында күтетін боламыз!

Турнирдің күміс медальдарын магнитогорлық «Металлург» құрамында қазақстандық хоккейшілер – Павел Акользин мен Алексей Маклюков жеңіп алды.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ