logo
14 мая 2022
Дания – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы

Өзінің алғашқы матчын Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы өткізеді. Соңғы рет қарсыластар 2016 жылғы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында кездескен болатын. Сол кезде даниялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті. Өткен Олимпиадада скандинавтар плей-оффқа шығып, ширек финалда Ресейден жеңілді. Әлемдік біріншіліктің алдында командамыздың бірінші қарсыласы 8 бақылау матчын өткізіп, Финлияндиямен екі матчта және Швециямен екі матчта жеңіліске ұшырады. Норвегиямен матчта даниялықтар бір жеңіс пен бір жеңілісті өз есептеріне жазды. Соңғы екі матчты олар 7 және 8 мамыр күні Ұлыбританияға қарсы ойнап, 2:0 және 8:0 есебімен екі рет жеңіске жетті.

Sports.kz-ке берген сұхбатында Дания командасының бас бапкері ӘЧ-ге берілген негізгі өтінімде олимпиадалық құрамның 10 ойыншысы жоқтығын айтқан: «Олимпиадамен салыстырғанда біршама өзгерістер бар, - дейді Хайнц Элерс. – Менің онға жуық хоккейшім биылғы Әлем чемпионатында ойнамайды. ҚХЛ-да бабы келіскен қазақстандық команда барын білемін. Және ондағы ойыншылардың көпшілігі құрамада болады деп ойлаймын. Қазақстандықтар өткен жылы Ригадағы Әлем чемпионатында жақсы өнер көрсеткенін білемін. Бір сөзбен айтқанда, біз бірінші ойындағы Дания құрамасының қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ емес екенінен хабардармыз» - деді маман.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ