logo
Даниил Свинтальский: «Соңына дейін дес бермейміз»

Даниямен матчта есеп тек екінші кезеңде ашылды, ол шайбаның авторы – Даниил Свинтальский. Бұл – қарағандылық ойыншының турнирдегі алғашқы голы әрі мансап жолындағы алғашқы әлем чемпионаты. Қазақстан құрамасы Данияға қарсы ойында жеңіске жетіп, өз қоржынына алғашқы үш ұпайын салды. Өткен кездесудің үздік ойыншысы команда нәтижелеріне қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ой бөлісті.

- Даниил, алғашқы жеңісің құтты болсын. Қандай әсердесің?

- Құттықтаулар үшін рақмет, көңіл күй керемет. Әйтеуір жеңгенімізге қуаныштымыз, бұл жеңіске деген жолымыз ұзақ болды. Бірінші және екінші ойында жеңе алмадық.

- Бірінші кезеңде артық құраммен көп ойнағандарыңызға қарамастан, сала алмадыңыздар. Бұл немен байланысты?

- Бірінші кезеңде сәттер көп болды, алайда шайба қақпаға өтпеді. Үзілісте біз отырып, сөйлесіп, олардың ойнауға мүмкіндік беріп жатқанын айттық. Бізі олардан толығымен басым түстік. Екінші кезеңге шықтық та, гол салдық.

- Бірінші болып салдыңыздар, қалай ойлайсыз, бұл ойынның әрі қарайғы барысына қалай әсер етті?

- Бұл күш берді, қақпаға одан да қатты ұмтыла түстік, барлығы оңынан бола бастады.

- Қарсыласпен бұған дейін кездескендеріңіз көмектесті ме?

- Иә, олармен бұған дейін ойнағанымыз көмектескені анық. Олардың қалай ойнайтынын, қорғаныста мығым екенін білдік. Алайда біз де тек жеңеміз деп шықтық. Үшінші матч қатарынан жеңілгіміз келмеді, біз кеше де, бүгін де командамен жиналыста ақылдастық.

- Кездесудің қай сәтін ең маңыздысы деп санайсың?

- Олар бізге салып, есеп 1:1 болған кез шығар. Біз өзімізді қамшылай түстік, қарсы қақпаға қарай одан бетер белсендірек ұмтылдық. Осылайша, екінші кезеңнің соңында гол салдық. Үзіліске кетер алдында шайба өткізіп алу қашанда жағымсыз жайт.

- Бұл матчта Қазақстан жанкүйерлері болды, оларды естідіңіздер ме?

- Иә, жанкүйерлерді естідік. Бізді қолдау үшін Братиславадан келгендеріне алғысымыз шексіз.

- Көңілді түсіргіміз келмейді, дегенмен, норвегтермен кездесуге неліктен дайын болмадыңыздар?

- Біз норвегтермен ойынға дайын болдық, тіпті ойын барысында да жаман көрінген жоқпыз. Тіпті қалай айтарымды білмеймін. Үшінші, төртінші голды өткізгенде, барлық эмоция жоғалды, түсіндіру қиын.

- Францияны жеңіп кетуге болар еді, қарсылас соншалықты салмақты команда емес. Алайда екінші шайбаларын салғанда, оларда сенімділік пайда болған сияқты.

- Франциядан да барлық компоненттер бойынша біз басым түстік, қалай жеңілім қалғанымызды білмеймін. Элитаға шығу мүмкіндігімізден айрылып қалғанымыз өкінішті. Алайда соңына дейін дес бермейміз. Жапондықтармен бүгінгідей, тіпті бұдан да жақсы ойнаймыз.

- Келесі матч ертең ерте өтеді, жеңістен кейін ойынға бет бұру оңай ма?

- Қазір демаламыз, кешкі асымызды ішіп алып, командаман ақылдасып, алаңға тек жеңу үшін шығатын боламыз.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ