logo
9 декабря 2025
Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Бірінші арна кубогіне қатысатын құрамы
10 желтоқсанда Қазақстан құрамасы Новосибирскіге аттанады, ал 11 желтоқсанда Бірінші арна кубогіндегі ойынын 3х3 турнирінен бастайды. Бапкерлер штабы турнирге арналған соңғы құрамды жариялады. Сондай-ақ қорытынды тізімде өзгерістер болды: құрамға «Барыс» қорғаушысы Бейбарыс Оразов қосылады. Құрамы: Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»); Шабуылшылар: Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі де – «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников (екеуі де – «Сарыарқа»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Руслан Оспанов (барлығы – «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»); Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы – «Барыс»), Мади Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі де – «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі де – «Сарыарқа»), Федор Хорошев («Торпедо»). Бапкерлер штабы: Бас бапкер – Талғат Жайлауов Бапкерлер: Константин Пушкарев, Андрей Корабейников Қақпашылар бапкері – Александр Кудрявцев ЖДД бапкері – Сергей Левданский Бас менеджер – Олег Болякин ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ