logo
2 мая 2026
ӘЧ-2026. Қазақстан командасының Жапониямен ойнайтын құрамы
IA дивизионындағы әлем чемпионатының екінші матчында Қазақстанның ұлттық құрамасы Жапонияға қарсы ойнайды. Бір күн бұрын біздің хоккейшілер Литваны 4:1 есебімен жеңген болса, жапондар есепте 3:2 болып алда тұрғанына қарамастан, Франциядан 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Соңғы рет бұл қарсыластар Азия чемпионаты аясында кездескен, ол кезде біздің хоккейшілер 4:3 есебімен жеңіске жеткен. Бапкерлер штабы ойынға келесі құрамды ұсынды: Қақпашы: Бояркин (Шутов) Михайлов - Данияр, Старченко (К) - Шестаков - Мұратов Бекетаев - Оразов, Савицкий - Өмірбеков - Қайыржан Никитин - Бреус, Симонов - Логвин - Ляпунов Гайтамиров - Хорошев, Әсетов (А) - Шайхмедденов - Гатиятов Бас бапкер: Талғат Жайлауов Кездесу Астана уақытымен 15:30-да басталады. Тікелей көрсетілім Qazsport телеарнасында жүреді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ