26 апреля 2026
ӘЧ-2026. Қазақстан ұлттық құрамасы Словениямен жолдастық матч өткізеді

IА дивизионындағы әлем чемпионаты қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы 28 сәуір күні Словения құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді. 26 сәуірде кеңейтілген құрамға енген 25 хоккейші Польшаға аттанады. Естеріңізге сала кетейік, словениялықтар былтыр шешуші кездесуде Франция құрамасын жеңіп, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Биыл олар әлем чемпионатының жоғары дивизионының В тобында өнер көрсетеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ