ӘЧ-2026. Турнир иелерін жеңдік

ІА дивизионындағы хоккейден әлем чемпионатының үшінші матчында Қазақстан ұлттық құрамасы турнир иелері – Польша құрамасымен кездесті. Кездесудің алғашқы минуттарында есепті қарсылас ашты. Екінші кезеңде командалар бір де бір шайба соға алмады. Үшінші кезеңнің ортасында Батырлан Мұратовтың голының арқасында Қазақстан құрамасы есепті теңестірді. Көп ұзамай Семен Симонов біздің команданы алға шығарды. Ал матчтың нүктесін Кирилл Савицкий бос қақпаға соққан шайбасымен қойды – 3:1. Кездесудің соңғы секундтарында Польша құрамасы бір шайбаны қайтарғанымен, матч 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.
Қазақстан - Польша (0:1, 0:0, 3:1)
0:1 - 01:09 - Вронка (Лышчарчик, Нарог)
1:1 - 48:01 - Мұратов (Михайлов, Шестаков)
2:1 - 57:53 - Симонов (Логвин, Ляпунов)
3:1 - 58:53 - Савицкий (Қайыржан, Шестаков) ПВ
3:2 - 59:58 - Крежолек (Валега, Вронка)
Қақпашылар: Шутов - Фучик
Келесі матчты Талғат Жайлауовтың ойыншылары 7 мамыр күні Украинаға қарсы өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ