ӘЧ-2025. Қазіргі чемпионнан жеңілдік

Чехия – Қазақстан матчының бірінші кезеңінде есепті ойынның шартты иелері ашты. Екінші кезеңде чехтер екінші минутта-ақ гол салды, одан кейін артық құрам аяқталысымен тағы салды. Біздің қақпаларға тағайындалған буллиттерді Давид Пастрняк орындады, алайда Әмірбеков оған тойтарыс берді. Кезеңнің соңында есеп қарсыластың пайдасына 4:0 болды. Бесінші шайба өткізілгеннен кейін Қазақстан құрамасының қақпасында Джелал-Ад-Дин Әмірбековті Максим Павленко ауыстырды. Ойынның 45-ші минутында біздің құрама алғаш рет сан бойынша үстемдік алды және ол 4 минутқа созылды. Артық құрамды Вячеслав Колесников ұйымдыстырды және бұл шабуылшының әлем чемпионатындағы алғашқы голы. Алайда чехтер тағы екі голмен жауап берді, Роман Червенка хет-трик жасады. Ізінше матчтағы дублін Адам Клапка жүзеге асырды. Жеңіс Чехиянікі – 8:1.
Қазақстан құрамасынан үздік ойыншы – Вячеслав Колесников.
Чехия - Қазақстан 8:1 (1:0, 3:0, 3:1)
1:0 - 05:19 - Странски (Беранек, Пирохта)
2:0 - 21:26 - Флек (Газда, Клапка)
3:0 - 32:19 - Странски (Шпачек Д., Шпачек М.)
4:0 - 37:04 - Червенка (Пастрняк, Крейчик)
5:0 - 41:06 - Клапка (Гайек)
5:1 - 47:36 - Колесников (Бреус, Муратов) ГБ
6:1 - 53:14 - Червенка (Пирохта, Пастрняк)
7:1 - 55:44 - Червенка (Нечас, Седлак)
8:1 - 59:22 - Клапка (Флек, Газда)
Қақпашылар: Веймелка - Әмірбеков (Павленко, 41:06-60:00)
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ