Хоккейден әлем чемпионатындағы бесінші матчын Қазақстан құрамасы Германия командасына қарсы өткізеді. Қарсыластың есебінде Латвияға (8:1) және Словакияға (6:4) қарсы ойындар нәтижесіндегі екі жеңіс және АҚШ пен Швециямен ойындардан кейінгі екі ірі жеңіліс бар (екеуінде де есеп 1:6). Қарсылас ойынға тыңғылықты дайындалатыны анық. Бұл матчта бапкерлер штабы құрамға Аркадий Шестаков пен Кирил Савицкийді қайтарды, матчтың басында қақпаға Андрей Шутов шығады.
Матчқа қатысатын құрам:
Қақпашы: Шутов (Бояркин)
Бекетаев – Метальников, Старенко (К) – Омирбеков – Рымарев
Данияр (А) – Орехов, Муратов – Мухаметов – Михайлис (А)
Бреус – Диханбек, Панюков – Шестаков – Савицкий
Гайтамиров – Королев, Әсетов- Бойко – Рахманов
Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев
Кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталады, тікелей көрсетілім QAZSPORT телеарнасында жүреді.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ