logo
19 мая 2024
ӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы АҚШ-қа жол берді

Қазақстан мен АҚШ арасындағы матчтың бірінші кезеңінде қарсылас жауапсыз 4 шайба салды, олардың екеуінде артық құрам ұйымдастырды. Ойынның екінші кезеңінде америкалық хоккейшілер тағы үш ұтымды сәтті жүзеге асырды. Үшінші кезеңде Никита Бояркинді қақпада Андрей Шутов алмастырды. Алайда хоккейшілер тағы үш шайба салды, олардың біреуінің есесін Әлихан Өмірбеков қайтарды.

Кездесудің үздік ойыншысы – қорғаушы Артем Королев. 

АҚШҚазақстан – 10:1 (4:0, 3:0, 3:1)
1:0 – 04:37 – Болди (Нельсон, Хьюз)
2:0 – 07:16 – Ткачук (Веренски, Годро) ГБ
3:0 – 16:50 – Нельсон (Сандерсон, Болди)
4:0 – 18:28 - Ткачук (Веренски, Годро) ГБ
5:0 – 21:39 – Бриндли (Кессел, Кунин)
6:0 – 23:32 – Болди (Годро, Ткачук) ГБ
7:0 – 31:04 – Кунин (Болди, Веренски)
8:0 – 45:21 – Ткачук (Болди, Годро) ГБ
9:0 – 45:42 – Хейз (Петри)
9:1 - 46:57 - Өмірбеков (Королев, Старченко)
10:1 - 50:06 - Годро (Болди)

ҚақпашыларНеделькович – Бояркин (Шутов, 40:00 – 60:00)
Турнирдегі соңғы матчын Қазақстан құрамасы ертең – 20 мамырда Польшаға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:20-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ