Шведтерге қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамына өзгерістер енгізілді. Қақпаға Шутовтың орнына Никита Бояркин шықты, ал шабуылда Аркадий Шестаков пен Кирилл Савицкийді биылғы әлем чемпионатында бір де бір матч ойнамаған Николай Шульга мен Максим Мусоров алмастырды. Бұл ретте Шульга үшін бұл Әлем чемпионатындағы ұлттық құрама сапындағы дебюттік ойын болды. Бірінші және екінші кезеңдерде қарсылас бір-бір голдан салды, екіншісін кем құраммен салды. Үшінші кезеңнің басында шведтер үш шайбамен алға шықты. Көп ұзамай, Әділ Бекетаев бір голдың есесін қайтарды. Матч Швеция командасының жеңісімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы құрамынан 41 соққыға тойтарыс берген голкипер Никита Бояркин үздік ойыншы атанды.
Қазақстан – Швеция – 1:3 (0:1, 0:1, 1:1)
0:1 – 10:20 – Юханссон М. (Бураковски, Броден)
0:2 – 35:08 – Юханссон Л. (Фроден, Петерссон) ГМ
0:3 – 41:51 – Зеттерлунд (Лундстрем)
1:3 - 45:36 - Бекетаев (Рымарев, Старченко)
Қақпашылар: Бояркин – Эрссон
Әлем чемпионатының келесі матчын Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары күні ертең Германия құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталады.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ