logo
12 мая 2024
ӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионаты аясындағы өзінің екінші матчын өткізді. Бірінші кезеңде Словакия құрамасы үш шайба салды, олардың біреуіне екінші кезеңде Әлихан Әсетов есе қайтарды. Көп ұзамай, біздің команданың қақпасына айып соққысы тағайындалды, оны словактар жүзеге асырды. Тағы екі шайбаны қарсыластар хоккейшілері ойынның үшінші кезеңінде салды. Кезеңнің ортасына қарай Әлихан Өмірбеков қарсыластың қақпасының алдында тартысып, өз шайбасын дарытты. 6:2 – Словакия құрамасы жеңіске жетті.

Словакия – Қазақстан 6:2 (3:0, 1:1, 2:1)
1:0 - 11:54 - Поспишил (Немец, Слафковски) ГБ
2:0 - 12:28 - Фашко-Рудаш (Кох, Сукель)
3:0 - 17:56 - Сукель (Фашко-Рудаш, Гайдош)
3:1 - 23:02 - Асетов (Данияр, Мухаметов)
4:1 - 28:28 - Гудачек Б
5:1 – 41:18 – Поспишил (Гудачек)
6:1 - 45:06 - Цингель (Гудачек)
6:2 - 51:05 - Омирбеков (Михайлис, Данияр)
Қақпашылар: Скорванек – Шутов (Бояркин, 45:06-60:00)

Кездесудің үздік ойыншысы болып Әлихан Әсетов танылды.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ