logo
17 мая 2024
ӘЧ-2024. Қазақстан құрамасы Германияға жеңілді

Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатындағы бесінші матчқа бапкерлер штабы Аркадий Шестаков пен Кирилл Савицкийді қайтарды, сондай-ақ мұзға тағы да Андрей Шутов шықты. Матчтың алғашқы үш минутында қарсылас қақпаны екі рет алды, Роман Старченко кездесудің сегізінші минутында артық құраммен есеп алшақтығын азайтты. Алайда екінші кезеңде қазақстандық команданың арынына қарамастан, қарсылас тағы үш шайба салды. Гол саны 4 болуы да мүмкін еді, алайда біздің команданың бапкерлер штабының сұрауымен ол есепке алынбады. Ойынның үшінші кезеңінде ойынның шартты иелері есепті 6:1 етті, Артем Королев Қазақстан құрамасының екінші шайбасын салды, бұл шайба ойыншының ересектер деңгейіндегі әлем чемпионатында салған алғашқы голы болды. Айтқандай, шайба алдымен есепке алынбады, алайда бапкерлер штабының сұрауы мен видеоқаралымнан кейін есептелді. Алайда неміс хоккейшілері араға екі минут салып, есеп алшақтығын тағы да ұлғайтты, ал ойын соңында Қазақстан қақпасына сегізінші шайбаны аттандырды.

Қазақстан құрамасынан капитан Роман Старченко үздік ойыншы атанды.

Германия – Қазақстан – 8:2  (2:1, 3:0, 3:1)
1:0 – 01:02 – Цубер (Стаховяк, Петерка)
2:0 – 02:24 – Туоми (Кастнер, Угбекиле)
2:1 – 07:59 – Старченко (Рымарев, Панюков) ГБ
3:1 – 21:11 – Петерка (Стаховяк, Виссманн)
4:1 – 28:29 – Райхель (Пфодерль)
5:1 – 35:17 – Кальбле (Петерка, Стаховяк)
6:1 - 50:27 - Райхель (Петерка, Стаховяк) 
6:2 - 51:52 - Королев (Бойко, Асетов) 
7:2 - 54:14 - Тиффельс (Стурм) ГМ
8:2 - 58:34 - Кастнер (Эль)
Қақпашылар: Грубауэр – Шутов (Бояркин, 21:32-60:00)

Келесі матчты Ғалым Мәмбетәлиевтің ойыншылары 19 мамыр күні АҚШ командасына қарсы өткізеді, кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ