logo
14 мая 2023
ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының Чехиямен ойнайтын құрамы

Хоккейден әлем чемпионатындағы екінші матчын Қазақстан құрамасы Чехия командасына қарсы өткізеді. Қарсылас – «В» тобының фавориттерінің бірі және турнирдің бірінші матчында тартысты ойын көрсетіп, Словакияны үлкен еңбекпен жеңді. Күні кеше чех хоккейшілері демалды, ал біздің команда Норвегияға қарсы матч өткізіп, буллиттер сериясында жеңіске жетті. Ойынның алғашқы минуттарында Әлихан Әсетов жарақат алып, шабуылшы турнирдің соңына дейін ойыннан шығып қалды. Осыған байланысты ойынның құрамына өзгерістер енгізілді:

Қақпашы: Шутов (Бояркин)

Бекетаев (А) – Самат Данияр, Старченко (К) – Шестаков – Рымарев

Орехов – Полохов, Савицкий – Гренц – Михайлис (А)

Гайтамиров – Королев, Рахманов – Өмірбеков – Мусоров

Диханбек – Бутенко, Муратов – Мухаметов – Қайыржан

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Матчты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы, онлайн режимде BASSPORT сайты көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:10-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ