logo
22 мая 2023
ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамасы

Хоккейден әлем чемпионатындағы соңғы матчын Қазақстан құрамасы Словения командасына қарсы өткізеді. Қарсылас «В» тобында соңғы қатарда келе жатыр және әзірге бір де бір ұпай жинаған жоқ. Бұған дейінгі Словакиямен матчта словениялықтар бір ғана гол өткізді. Біздің команда 4 балымен әлем чемпионатының топ-дивизионындағы орнын мерзімінен бұрын сақтап қалды. Командамыздың бапкерлер штабы алдағы ойынға келесі құрамды ұсынды:

Қақпашы: Шутов (Бояркин)

Бекетаев (А) – Самат Данияр, Старченко (К) – Шестаков – Рымарев

Орехов – Полохов, Михайлис (А) – Гренц – Савицкий

Диханбек – Бутенко, Муратов – Мухаметов – Өмірбеков

Гайтамиров – Королев, Қайыржан – Маңғысбаев – Рахманов

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Матчты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, көрсетілім Астана уақытымен 23:10-да басталады.

ӘЧ-2023. Қазақстан – Словения

Хоккейден әлем чемпионатындағы соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словения командасымен кездесті. Есепті қарсылас бірінші кезеңнің басында ашты, есепті Никита Михайлис теңестірді, форвард артық құраммен гол салды. Екінші кезеңнің басында словениялықтар тағы да алға шықты, алайда ойын кезеңінің соңғы минутында Батырлан Мұратов артық құраммен турнирдегі алғашқы шайбасын салды. Үшінші кезеңде қарсылас тағы да алға шықты. Евгений Рымарев 52-минутта есепті 3:3 етті. Максим Мухаметов жеңіс голын салды - 4:3, Қазақстан құрамасы үш ұпайды қанжығаға байлады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ