logo
17 мая 2023
ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасының Канадаға қарсы ойнайтын құрамы

Бүгін Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы өзінің төртінші матчын Канадаға қарсы ойнайды. Қарсылас та турнирде үш матч өткізді: Латвияны ойсырата жеңді, Словенияны және буллиттер бойынша Словакияны жеңді. Біздің команданың қоржынында бұрынғыша 2 ұпай бар. Ойын құрамында бір ғана өзгеріс бар – Андрей Шутовтың орнына Никита Бояркин шығады:

Қақпашы: Бояркин (Шутов)

Бекетаев (А) – Самат Данияр, Старченко (К) – Шестаков – Рымарев

Орехов – Полохов, Муратов – Мухаметов – Михайлис (А)

Гайтамиров – Королев, Савицкий - Өмірбеков – Рахманов

Диханбек – Бутенко, Мусоров – Маңғысбаев – Қайыржан

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Матчты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, көрсетілім Астана уақытымен 23:10-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ