logo
16 мая 2023
ӘЧ-2023. Швейцарияға қарсы ойнатын құрам

Хоккейден Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші матчын Швейцарияға қарсы өткізеді. Қарсыластың қоржынында 2 жеңіс бар: швейцариялықтар словениялықтарды (7:0), норвегтерді жеңді (3:0). Швейцариялықтар – турнирде бір де бір гол өткізбеген жалғыз команда. Оның үстіне, олардың командасына «Миннесота» шабуылшысы Кевин Фиала қосылды. Қазақстан құрамасы да қарсылас секілді демалды. Біздің команданың өтінімінде де өзгерістер болды: ұлттық құрама құрамында мұзға алғаш рет Абай Маңғысбаев шығады.

Назарларыңызға алдағы ойындағы құрамды ұсынамыз:

Қақпашы: Шутов (Бояркин)

Бекетаев (А) – Самат Данияр, Старченко (К) – Шестаков – Рымарев

Орехов – Полохов, Мұратов – Мухаметов – Михайлис (А)

Гайтамиров – Королев, Савицкий - Өмірбеков – Рахманов

Диханбек – Бутенко, Мусоров – Маңғысбаев – Қайыржан

Бас бапкер: Ғалым Мәмбеталиев

Матчты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, көрсетілім Астана уақытымен 23:10-да басталады.

ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы – Швейцария

Хоккейден әлем чемпионатындағы үшінші матчында Қазақстан құрамасы Швейцария командасымен кездесті.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ