logo
20 мая 2023
ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Словакия командасын жеңді

Хоккейден әлем чемпионатындағы бесінші матчында Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесті. Есепті бірінші кезеңнің аяқталуына 5 минут қалғанда қарсылас ашты. Екінші ойын кезеңінің басында есеп теңестіруге мүмкіндік туды, Роман Старченко өзіне тән соққымен словактардың қақпасына шайба дарытты. Қарсыластың құрамында аластатулар көбейіп, мұны біздің хоккейшілер ұтымды пайдаланды. Алдымен Валерий Орехов Словакияның бесінші ойыншысы алаңға шығысымен 5 минуттан кейін өз командасын алға сүйреді, ізінше Евгений Рымарев артық құрам ұйымдастырды. Алайда үшінші кезеңде словактар екі шайба салып, есепті теңестірді. Жеңімпаз матчтан кейінгі буллиттер сериясында анықталып, қазақстандықтар жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан голкипер Андрей Шутов үздік ойыншы атанды, қақпашы 51 соққының 48-іне тойтарыс берді.

 

Қазақстан – Словакия 4:3 (0:1, 3:0, 0:2, 0:0, 1:0)

0:1 – 14:58 – Кох (Хривик)

1:1 – 21:03 – Старченко (Рымарев, Данияр)

2:1 – 24:50 – Орехов (Михайлис, Старченко)

3:1 – 25:22 – Рымарев (Михайлис, Старченко) ГБ

3:2 - 48:33 - Паник (Хривик, Кох)

3:3 - 56:58 - Регенда (Хривик, Иван)

4:3 - 65:00 - Рымарев Б

Қақпашылар: Шутов – Главай

Келесі матчты Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары 20 мамыр күні Латвияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:20-да басталады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ