logo
21 мая 2023
ӘЧ-2023. Қазақстан құрамасы Латвияға есе жіберді

Ригадағы хоккейден әлем чемпионаты матчында Қазақстан құрамасы Латвия командасымен кездесті. Есеп бірінші кезеңнің соңғы бес минутында ашылды, алдымен латвиялықтар артық құрам ұйымдастырды, ал көп ұзамай екінші шайбаны салды. Екінші кезеңде тағы үш гол салды. Үшінші кезеңнің басында Андрей Шутовтың орнын Никита Бояркин басты. Алайда латвиялық хоккейшілер ойын кезеңінің ортасына қарай тағы екі шайбаны дарытты.

Қазақстан құрамасынан Никита Михайлис үздік ойыншы атанды.

Қазақстан – Латвия 0:7 (0:2, 0:3, 0:2)
0:1 – 15:39 – Букартс Ро. (Дзиеркалс, Шиловс) ГБ
0:2 – 17:19 – Батня (Зиле)
0:3 – 21:13 – Дзиеркалс (Батня, Букартс Ро.)
0:4 – 29:05 – Аболс (Даугавиньш, Балцерс)
0:5 – 39:54 – Индрашис (Букартс Ри., Фрайбергс)
0:6 - 49:50 - Даугавиньш (Балцерс, Аболс)
0:7 - 51:40 - Аболс (Балцерс, Даугавиньш) ГБ
Қақпашылар: Шутов (Бояркин, 40:00-60:00) – Шиловс

Хоккейден әлем чемпионатындағы қорытынды матчын Қазақстан құрамасы 22 мамыр күні Словенияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 23:20-да басталады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ