logo
18 мая 2023
ӘЧ-2023. Канада – Қазақстан

Хоккейден әлем чемпионатындағы төртінші матчында Қазақстан құрамасы Канада командаға қарсы ойнады. Алғашқы минуттардан бастап қарсылас соққыны боратып, бірінші ауысымдардың бірінде есеп ашты, ізінше тағы екі шайба салды. Қарсы шабуылда Әділ Бекетаев соққы жасап, қақпаға теріс бұрыштан дөп түсті, алайда канадалықтар кезеңнің соңғы минутында төртінші шайбаны салды. Екінші кезең голсыз өтті, алайда үшінші кезеңнің басында шартты қонақтардың қақпасына тағы бір шайба аттанды.

Канада – Қазақстан (4:1, 0:0, 1:0 )

1:0 – 00:19 – Уигар (Блэз, Велено)

2:0 – 05:05 – Крауз (Уигар, Куинн)

3:0 – 07:50 – Крауз (Лоутон, Бэррон)

3:1 – 09:55 – Бекетаев (Данияр, Рымарев)

4:1 – 19:22 – Велено (Блэз)

5:1 – 41:55 – Блэз (Велено, Лучич)

Қақпашылар: Хофер – Бояркин

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ