logo
26 мая 2023
2027 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Германияда өтеді

Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресі аясында 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізетін елге дауыс беру рәсімі болып өтті. Қазақстанның хоккей федерациясы да жалғыз бәсекелес Германия секілді бір күн бұрын өзінің өтінімін таныстырды. 75% дауыс басымдығымен жеңіске Германия жетті. 2027 жылғы әлем чемпионаты екі қалада – Дюссельдорф пен Майнхаймда өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Германия Франциямен бірге 2017 жылғы әлем чемпионатын қабылдаған болатын. Топтық кезеңнің матчтары Кельнде өтті. Сондай-ақ 2001 және 1993 жылғы әлем чемпионаттарын жалғыз өзі өткізді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ