Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы қатысатын IA дивизиондағы 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионаты өтетін орын анықталды. Турнир Польшада, Сосновец қаласында 2026 жылдың 2 және 8 мамыры аралығында өтеді.
Біздің ұлттық құраманың қарсыластары: Франция, Украина, Польша, Япония және Литва командалары. Команда Литва командасы дивизионға ІВ-дан көтерілді, Франция мен Қазақстан топ-дивизионнан төмен түсті.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ