Алматыдағы Азия чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасына қарсы ойнады. Кездесу есебін қарсылас ашты, арада екі минут өткенде Александр Борисевич таразы басын теңестірді. Екінші кезеңнің соңына қарай кореялық хоккейшілер тағы да есепте алға шықты. Үшінші кезеңде қарсылас қақпасына көп соққы жасалғанымен, шайба соғылған жоқ. Ал Корея Қазақстан құрамасының бос қақпасын екі рет дәл көздеді.
Корея – Қазақстан 4:1 (0:0, 2:1, 2:0)