logo
17 мая 2025
Чехия – Қазақстан. 2025 жылғы әлем чемпионаты матчының аңдатпасы

Хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінің кезекті матчында Қазақстан құрамасы қазіргі чемпион – Чехия командасымен ойнайды. Біздің команда сияқты қарсылас төрт матч өткізді: Норвегияны (2:1), Данияны (7:2) және Венгрияны (6:1) негізгі уақытта жеңіп, Швейцариядан (5:4 ОТ) овертаймда басым түсті. Қарсылас статистикасындағы көшбасшы «Бостон Брюинз» шабуылшысы Давид Пастрняк +6 пайдалылық көрсеткішімен 9 (4+5) ұпай жинап, әлем чемпионатынң бомбардирлері тізімінде екінші қатарда тұр. Біздің команда құрамынан ең көп ұпай – 4 (3+1) Никита Михайлистің қоржынында. Қазақстан құрамасының есебінде Норвегияға қарсы ойындағы бір жеңіс бар (2:1).

Командалар халықаралық турнирлер аясында жиі кездескен жоқ, соңғы кездесу 2023 жылғы әлем чемпионатында болды. Ол кезде біздің құрама 1:5 есебімен есе жіберген болатын. Мәскеудегі 2016 жылғы әлем чемпионатында да чехтер басым түсіп, 3:1 есебімен жеңді. Оған дейін командалар 2005 (0:1) және 2004 жылдарда (0:7) кездесті.

Қарсыластың құрамы сапалы және тәжірибелі хоккейшілерден тұрады. ҰХЛ ойыншыларынан, Пастрняктан басқа, құрамада сонымен қатар «Ванкувер Кэнакс» қорғаушысы Филип Гронек, бойы екі метрлік «Калгари Флеймс» форварды Адам Клапка (бойы – 2,03), оның клубтасы голкипер Даниэль Владарж, «Брюинз» шабуылшысы Якуб Лауко мен «Колорадо Эвеланш» шабуылшысы Мартин Нечас ойнайды. Қалғандары көбінесе чехиялық Экстралигада өнер көрсетеді, Финляндиядан, Швейцария мен АХЛ-дан екі-екі ойыншыдан бар. Құрамада қазақстандық жанкүйерге таныс ойыншылар бар. Мәселен, Лукаш Седлак ҰХЛ-дағы Колорадо мен Филадельфия үшін ғана емес, сонымен қатар 2019 және 2022 жылдардағы үш маусым бойы челябілік «Тракторда» ойнады.

Чехия құрамасындағы ең жасы үлкен ойыншы – ҚХЛ-да ойын тәжрибесі бар капитан Роман Червенка. 2010-2015 жылдарда «Авангард» пен СКА үшін ойнады. Шабуылшының жасы Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченконікіндей 39-да.

Чехия құрамасының Адам Клапкадан басқа тағы бір бойлы хоккейшіні Яхин Колделик, бойы 2,1 метр. Ал Қазақстан құрамасының ең бойлы ойыншылары – бойлары 196 см голкипер Джелал-Ад-Дин Әмірбеков пен Әлихан Әсетов.

Халықаралық хоккей федерациясы рейтингісінде Чехия құрамасы төртінші орында тұр.

ФОТО: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ