logo
23 ноября 2025
АЧ-2026. Жапонияға қарсы матч құрамы
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Азия чемпионатының соңғы матчы – Жапония командасына қарсы кездесудің құрамын жариялады. Қарсылас турнир қожайындарын жеңген болатын, алайда кеше Кореядан минималды есеппен ұтылды. Қазіргі таңда біздің команда 6 ұпаймен Азия чемпионатының турнир кестесін бастап тұр, ал алтын медаль алу үшін бір ұпай жеткілікті. Қақпашы: Калмыков (Пестов) Степаненко - Михайлов, Ляпунов - Борисевич - Мусоров Никитин - Оразов, Старченко (К) - Бойко - Мұратов Диханбек - Бутенко, Гатиятов - Данияр (А) - Гусейнов Александров - Гребенщиков, Мигунов - Лихотников (А) - Чапоров Бас бапкер: Талғат Жайлауов Мачт Астана уақытымен 13:00-де басталады, тікелей көрсетілім QAZSPORT телеарнасында және InHockey.tv-де онлайн жүреді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ