logo
14 мая 2023
Жанкүйерлер Ригада Қазақстан құрамасын қолдап, ең үлкен туды желбіретті

2023 жылғы әлем чемпионатының Норвегия мен Қазақстан арасындағы матчы алдында жанкүйерлер еліміздің ең туын желбіретті. Жанкүйерлердің бастамасы бойынша ұйымдастырылған бұл қолдау Ригада, қазір «В» тобының матчтары өтіп жатқан «Арена Рига» мұз сарайының аумағында орын алды. Тудың ауданы – 800 шаршы метр.

«Біздің туымызда күн мен көк аспан, бейбітшілік символдары бейнеленген, - деді IIHF-ге берген сұхбатында ивент ұйымдастырушысы Думан Қожахмет. – Біз Қазақстанның ең үлкен туын желбіреттік, оның ауданы 800 шаршы метр. Біз өз құрамамызды, барлық жанкүйерлерімізді және турнир ұйымдастырушыларын қолдағымыз келеді. Біз осындай бастаманы қолға алғанымызға қуаныштымыз, үлкен хоккей отбасы деген идеяны қуана қуаттаймыз».

Еске сала кетейік, Норвегиямен матчта Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Біздің хоккейшілер матчтан кейінгі буллиттер сериясында басым түсті – 4:3.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ