logo
2 февраля 2024
Астанада «SAMRUK BALA CUP» ауылдық командалары арасындағы турнирі өтеді.
2024 жылдың 4 және 6 ақпаны аралығында Астанада ел тарихында алғаш рет ауылдық балалар-жасөспірім командалары арасындағы шайбалы хоккейден «SAMRUK BALA CUP» республикалық турнирі өтеді.
Қазақстанның түрлі өңірлерінен 24-тен астам команда ЧЕМПИОН атағы үшін тартысқа түсіп, ел тарихына өз есімдерін жазады!
Бұл бас демеушісі «Samruk-Kazyna-Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылатын «ALTYN SHAIBALY» жобасы аясында жоспарланған балалар турнирлері сериясының екінші турнирі. Жобаның миссиясы – балалардың хоккейге деген қызығушылығын арттыру және балалар-жасөпірімдер шайбалы хоккейін Қазақстан Республикасында кеңінен насихаттау.
Келіңіз, өз командаңызды қолдаңыз!
Турнир Астана қаласы, «Барыс» СК мұзайдынында (Қажымұқан к., 9) өтеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ