logo
20 января 2023
Батырлан Мұратов: «Қызықтың бәрі алда»

Хоккейден Қазақстан құрамасы екінші қатардан қысқы Универсиаданың жартылай финалына шықты. Бес матчта біздің хоккейшілер төрт рет жеңіске жетті, ал соңғы кездесуде АҚШ құрамасына жол берді. Топтық раундтың қорытындысы бойынша біздің команданың үздік бомбардирі Батырлан Мұратов болды. Турнирдің бомбардирлері тізімінде ол 9 (5+4) ұпай жинап, төртінші қатарды иеленді. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында форвард турнирден алған әсерімен бөлісті.

- Батырлан, турнирдің жартылай финалына шығуларыңызбен құттықтаймыз. Жалпы турнирден қандай әсер алдыңыз?

- Рақмет, турнир әлі жалғасуда, қызықтың бәрі алда.

- АҚШ-пен матчқа қатысты қай жерден қиыс кетті?

- Өз сәттеріңді пайдалану, қорғаныста мығым болу керек, сондықтан да біз жеңілдік. Олар өз сәттерін ұтымды пайдаланып, біздің қателіктерімізді пайдаланып кетті. Осы жолы сәттілік біз жақта болмады. Бұл хоккей, бүлінген ештеңе жоқ, еңбектенеміз, бәрі болады!

- 4 шайба айырмашылығымен жеңілген жағдайда жартылай финалға жолдамадан айрылу мүмкін екендігі қысым жасаған жоқ па? Әлде ойламауға тырыстыңыздар ма?

- Белгілі бір қысым болды, алайда ойламауға тырыстық. Бапкердің нұсқауын орындап ойнадық.

- Ол жаққа үйренісу қалай жүрді? Топтық кезеңнің соңына қарай шаршаңқылық жиналып қалған жоқ па?

- Барлығымыз шаршайтынымыз анық, алайда үзіліс пен демалысқа уақыт бар. Бірінші ойындар сәл қиындау болды, сағат белдеулерінің айырмашылығы әсер етті, алайда қазір барлығы жақсы, барлығы өзін жақсы сезінеді.

- Отандастарыңыз сіздер үшін тақым қысып отыр. Қандай сәлемдеме айтасыз?

- Бізге жанкүйер болып, сенім білдірген барлық жанкүйерге алғыс айтамыз. Қызықтың бәрі алда!

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ