logo
29 апреля 2022
Батырлан Мұратов Қазақстан құрамасының сапына қосылды

Финляндиялық «Rovaniemen Kiekko» командасының шабуылшысы Батырлан Мұратов Қазақстан құрамасының сапына қосылды. Форвард өткен маусымды толғымен Местисте – Финляндиядағы екінші лигада өткізді. Тұрақты чемпионатта 49 матч ойнап, 51 (19+32) балл жинады, плей-оффта 10 ойын өткізіп, 6 (2+4) ұпай жинады. Муратов өз командасының ең үздік, ал лигадағы жетінші бомбардир саналады.

«Бұл менің өмірімдегі жаңа тәжірибе болды, - деп өз әсерімен бөлісті Қазақстан құрамасының шабуылшысы. – Бұл ретте жақсы тәжірибе, себебі маусым өте жақсы өтті. Ойын уақытым көп болды, жеткілікті ұпай жинадым. Әрі қарай өсіп-жетілетін боламыз. Құрамада бәсеке жоғары, әрбір ойыншы кіргісі келеді. Оның үстіне, егер сен жас ойыншысы болсаң, өз-өзіңді дәлелдеп, тартысуың керек».

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі - Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ