logo
19 августа 2022
«Барыс» – Қазақстан Республикасы Президенті Кубогінің жеңімпазы

Елордада хоккейден жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президенті Кубогі халықаралық турнирі аяқталды.

Турнирдің шешуші қорытынды матчында «Барыс» пен «Металлург» кездесті. Алаң иелері өткізілген шайбадан кейін қатарынан үш рет қарсы қақпаға нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Олардың авторы – Дінмұхамед Қайыржан, Джереми Бракко және Энтони Луис. Бракко айып буллитін салды. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасының қорғаушысы және «Барыстың» экс-ойыншысы Валерий Орехов «Магнитогорсктің» екінші шайбасын салып, есеп айырмашылығын қысқартты. Матч соңындағы тартысты күрестің арқасында қазақстандық команда, дегенмен, жеңіске жетіп, жетінші рет Президент Кубогін иеленді.

«Металлург» турнирдің күміс жүлдегері атанды.

«Металлург» – «Барыс» 2:3 (0:0, 1:3, 1:0)

1:0 – 27:41 – Майе (Яковлев) ГБ

1:1 – 33:06 – Қайыржан (Грэм, Гусейнов)

1:2 – 34:39 – Бракко ШБ

1:3 – 37:20 – Луис (Вей, Минеев)

2:3 – 50:57 – Орехов (Платонов)

Қақпашылар: Паскуале – Бояркин

«Барыс-Арена». 7667 көрермен.

Турнирдің қорытындысы бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік қақпашы – Никита Бояркин («Барыс»)

Үздік қорғаушы – Егор Яковлев («Металлург»)

Үздік шабуылшы – Филипп Майе («Металлург»).

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ