Қысқы Азия ойындары хоккей турнирінің А тобындағы екінші матчын Қазақстан қыздар құрамасы Қытайға қарсы өткізді. Бірінші кезеңде гол салынбады, есесіне екінші кезеңде артық құраммен есепті Надежда Филимонова ашты. Үшінші кезеңде қарсыластар есеп теңестірді, алайда Александра Шегайдың голы құрамамызға жеңіс сыйлады.
Қытай - Қазақстан - 1:2 (0:0, 0:1, 1:1)
0:1 - 35:29 - Филимонова (Шегай, Оразбаева) ГБ
1:1 - 42:36 - Ванг (Ку)
1:2 - 48:37 - Шегай (Оразбаева)
Қақпашылар: Лай - Щеколова
Осылайша, біздің қыздар турнир медальдары үшін тартысты жалғастырады және ертең шешуші матчты Кореяға қарсы ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ