logo
14 февраля 2025
Азиада-2025. Қазақстан қыздар құрамасы Кореяны жеңді

Қысқы Азия ойындарының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Кореямен кездесті. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер Малика Алдабергенованың шайбасының арқасында есеп ашты. Екінші кезеңде гол салынбады, ал үшінші кезеңде Юлия Буторина мен Дария Молдабай Қазақстан құрамасының үстемдігін нығайтты. 3:0 есебімен жеңіс бізге бұйырды.

Корея - Қазақстан - 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

0:1 - 05:50 - Алдабергенова (Шегай, Тұрсынова) ГБ

0:2 - 43:23 - Буторина

0:3 - 53:30 - Молдабай

Қақпашылар: Ким - Щеколова

Осылайша, Қазақстан құрамасының медаль алатыны анық, алайда ол «күміс» бола ма, әлде «қола» бола ма – Жапония мен Қытай арасындағы матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Турнир иелері жеңіске жетіп, үш команданың ұпай саны тең түскен жағдайда медаль дәрежесі салынған және өткізілген шайбалар айырмасы бойынша анықталады. Жапония жеңген жағдайда, біздің хоккейшілер «күміс» иеленеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ