Азия ойындарының хоккей турнирі аясындағы үшінші матчын Қазақстан қыздар құрамасы Қытайлық Тайпей командасына қарсы өткізді. Бірінші кезеңде қарсылас бірінші болып шайба салды, алайда біздің хоккейшілер есеп теңестіре алды, ал екінші кезеңде төрт рет шайба салды. Соңғы кезең шайбасыз өтті, ал қазақстандық қыздар кездесуді сенімді түрде жеңіспен аяқтады.
Қазақстан – Тайпей 5:1 (1:1, 4:0, 0:0)
0:1 – 04:23 – Ву (Лин)
1:1 – 12:24 – Свиридова
2:1 – 23:20 – Филимонова (Шегай, Оразбаева)
3:1 – 24:58 – Буторина (Зубкова, Воронова)
4:1 – 29:44 – Алдабергенова (Свиридова, Ашимова)
5:1 – 31:03 – Филимонова (Оразбаева, Молдабай)
Қақпашылар: Щеколова - Щу
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ