logo
31 января 2025
Азиада-2025. Қазақстан қыздар құрамасы матчтарының кестесі

Қыздарр арасындағы қысқы Азия ойындарының хоккей турнирі ерлердікі сияқты 3-14 ақпан аралығында өтеді. Бірақ кестесі ерекшеленеді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Корея, Қытайлық Тайпей, Гонконг және Таиланд командаларымен В тобында өнер көрсетеді. Алғашқы екі орынды иеленген командалар А тобына шығады, онда әлемдік рейтингке сәйкес Жапония мен Қытай құрамалары автоматты түрде өтеді. Төрт құрама бір-бірімен айналымдық жүйе бойынша ойнайды және медальдар топтағы орындарға сәйкес бөлінеді.

Қазақстан қыздар құрамасы матчтарының кестесі:

03.02.2025 – 16:30 – Гонконг – Қазақстан

04.02.2025 – 16:30 – Қазақстан – Таиланд

06.02.2025 – 16:30 – Қазақстан – Қытайлық Тайпей

09.02.2025 – 12:30 – Корея – Қазақстан

12-14.02.2025 – А тобының матчтары

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ