Қысқы Универсиаданың хоккей турниріндегі екінші матчын Қазақстан құрамасы алаң иелері – Қытайға қарсы өткізді. Бірінші кезең 3:0 есебімен біздің команданың пайдасына шешілді, голдарды Дмитрий Бреус, Дмитрий Гренц пен Роман Старченко салды, бұл ретте есеп бірінші минутта-ақ ашылды. Екінші кезеңде Евгений Рымарев бір шайба, ал үшінші кезеңде Вячеслав Колесников дубль жасады. Алайда ойынның аяқталуына бес минут қалғанда Қытай командасы 3-ке 5 артық құрам ұйымдастыра білді. 6:1 есебімен жеңіс біздікі.
Қазақстан – Қытай 6:1 (3:0, 1:0, 2:0)
1:0 – 00:42 – Бреус (Савицкий, Панюков)
2:0 – 02:59 – Гренц (Данияр, Савицкий) ГБ
3:0 – 07:47 – Старченко (Рымарев, Данияр)
4:0 – 24:42 – Рымарев (Михайлов)
5:0 – 45:02 – Колесников (Буяльский, Бреус)
6:0 – 48:53 – Колесников (Борисевич, Чапоров)
6:1 – 55:18 – Чанг (Ченг, Вонг) ГБ
Қақпашылар: Шутов - Сун
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ