13 марта 2026
Азамат Айтхожин хоккейден Қазақстан чемпионаты төрешілерімен жиналыс өткізді

Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Азамат Айтхожин Қазақстан хоккей чемпионатының матчтарына қызмет көрсететін төрешілермен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында ұлттық чемпионаттағы төрешілікке қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ ойындарды ұйымдастырудың бірқатар аспектілері талқыланды. Төрешілер маусымдағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, төрешілік практикасы, логистика және матчтардағы жұмыс жағдайларына байланысты бірқатар мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.
Федерация басшылығы арбитрлердің ұсыныстарын тыңдап, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Тараптар төрешілік сапасын арттыру және төрешілер корпусын одан әрі дамыту мақсатында тұрақты диалогты жалғастыруға келісті.
Мұндай кездесулер туындаған мәселелерді жедел талқылауға мүмкіндік беріп, Қазақстан чемпионаты матчтарындағы төрешілер жұмысының жетілдірілуіне ықпал етеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ