logo
25 марта 2026
«Айсұлу» әйелдер Еуролигасының финалына шықты
Алматылық «Айсұлу» клубының хоккейшілері Еуропалық әйелдер хоккей лигасының (EWHL) финалына жолдама алды. Жартылай финалдық серияда қазақстандық команда Австрияның «Хайландерс КСВ» клубын жеңіп шықты. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын шешуші кездесуде «Айсұлу» «Сэйбрс Сент-Пёльтен» командасымен күш сынасады. Финал жеңімпазы екі матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Егер алғашқы ойында тең нәтиже тіркелсе, қарсыластар арасындағы жеңімпаз екінші матчтың нәтижесімен, соғылған және жіберілген шайбалардың айырмасы бойынша белгілі болады. Ал екі кездесудің қорытындысында көрсеткіштер тең болса, регламентке сәйкес жеңімпаз анықталғанға дейін овертаймдар ойнатылады. EWHL финалының алғашқы матчы жұма, 27 наурызда, ал қарымта кездесу жексенбі, 29 наурызда өтеді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ