Еуропалық қыздар лигасының (EWHL) финалында алматылық «Айсұлу» австриялық Санкт-Пельтеннің «Сэйбрз» командасымен кездесті. Бірінші матч 1:1 есебімен аяқталды, жеңімпаз келесі кездесуде анықталды. Бірінші кезеңде алматылық хоккейшілер есеп ашты, алайда көп ұзамай қарсыластар есеп теңестіре білді. Матчтың тағдыры тек овертаймда шешілді: екінші минутында Эннлиз Хэйз «Айсұлуға» жеңіс әкелді. Бұл матчта Қазақстан құрамасының ойыншылары Малика Алдабергенова мен Пернеш Ашимова нәтижелі пас берді.
«Айсұлу» – 2025 жылғы Еуропалық қыздар лигасының (EWHL) чемпионы!
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ