logo
4 сентября 2024
Асанәлі Сәркенов мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады

Жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Асанәлі Сәркенов өз мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады. Форвард АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Спокан қаласының Spokane Chiefs жастар клубымен бір жылдық мерзімге келісім жасасты. Команда Канаданың хоккей лигасын құрайтын үш лиганың біреуі – Батыс хоккей лигасында (WHL) ойнайды.

18 жастағы Асанәлі Сәркенов құрама сапында алғаш рет биыл Финляндияда өткен топ-дивизиондағы жасөспірімдер әлем чемпионатында өнер көрсетті. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша 5 (4+1) балл жинап, команданың үздік бомбардирі атанды. Атап өтетін жайт, турнирде форвард Канада құрамасының қақпасына хет-трик салды.

Өткен маусымда ойыншы Жастар хоккей лигасында «Снежные Барсы» үшін ойнады. Онда 48 матч өткізіп, 8 (5+3) ұпай жинады. Jastar Ligasy-нда «Барыс» жастар командасы үшін 6 матч ойнап, 9 (5+4) ұпай жинады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ