Асанәлі Сәркенов екі матчтан шеттетілді

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Тәртіптік комитеті I дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионатының А тобындағы Норвегия – Қазақстан матчы кезінде болған оқиға бойынша шешім шығарды. Матчтың 58-минутында норвегиялық хоккейші Брэд Солхейм Қазақстан құрамасының ойыншысы Әлішер Сәркеновке қарсы күш қолданды.
Осыдан кейін Асанәлі Сәркенов бауырына қарсы жасалған эпизодты көріп, ұзақ қашықтықты жүріп өтіп, жоғары жылдамдық алып, екпінмен күш қолдану тәсілін жасады. Бұл сәтте оның екі конькиі мұздан ажырап, соққы қарсыластың денесінің жоғарғы бөлігі мен басына тиді. Аталған эпизод IIHF ережелерінің 42-бабына сәйкес дұрыс емес шабуыл ретінде бағаланды және ойыншы 5+20 минуттық айып алып, матч соңына дейін алаңнан шеттетілді.
Тәртіптік комитеттің шешімімен:
- Асанәлі Сәркенов екі матчтан шеттетілді. Шешім шығару барысында IIHF турнирлеріндегі ойыншының бұрын болған тәртіптік бұзушылықтары да ескерілді.
- Лудвиг Баккевиг (Норвегия) те 42-бап ережесін бұзды – дұрыс емес шабуыл жасады деп танылды, алайда тәртіптік комитет тек ресми ескерту жасаумен шектелді.
Асанәлі Сәркеновтің шеттетілуі Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы келесі матчынан бастап күшіне енеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ