logo
16 декабря 2023
Артем Королев: «Алғашқы минуттан жақсы ойнадық»
Артем Королев Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы голын салды. Бұл Бірінші арна кубогіндегі “Звезды и ВХЛ” командасына қарсы матчтағы үшінші шайба болды. Ойыннан кейін қорғаушы ҚХФ баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.
- Артем, турнирдегі алғашқы шайбаңмен құттықтаймын, саған пасты Никита берді ме?
- Иә, ол берді, мен салдым – оп-оңай.
- Ойын бойынша не айтасың? Бірінші болып шайба салдыңдар, бұл қалай әсер етті?
- Иә, бүгін алғашқы минуттан жақсы ойнадық және екпінді соңына дейін ұстадық. Қақпашы мықты болды, біз де өз сәттерімізді жүзеге асырдық.
- Есеп 1:1 болған сәтте не сезіндіңдер?
- Өз ойынымызды жалғастырдық, ұдайы қарсы қақпаға ұмтылдық, ұдайы алға қарай бастық, артқа шегінбедік, соның арқасында жеңдік.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ